432
Балық аулауға кеткен: Астанада екі бала іздестіріліп жатыр
Қазір оларды полиция мен еріктілер іздеп жатыр.
Астанада 11 және 13 жастағы ұл мен қыз бала 2 шілдеде үйінен шығып, содан бері қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
13 жастағы Малика мен 11 жастағы Ибрагим 2 шілдеде Караменде би Шақалы көшесіндегі 3/2 үйден шыққан. Балалар балық аулауға кеткен, бірақ қайтып келмеген.
Қазір оларды полиция мен еріктілер іздеп жатыр.
Жоғалған қыздың бойы 160 см, ұзын шашты, қара бас киім мен сұр жемпір киген.
Ұл баланың бойы 110 см, маңдайында тыртық бар. Үстінде көк куртка болған. Балалар өздерімен бірге көрпе алып кеткен.
Жақындары балаларды көрген-білгендер болса полицияға хабар беруді сұрайды.