«AMANAT» пен Қытай Коммунистік партиясы меморандум жасасты

Құжат партиялық делегациялардың өзекті екіжақты мәселелер және халықаралық күн тәртібі бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуын жандандыруды көздейді.

«AMANAT» пен Қытай Коммунистік партиясы меморандум жасасты
Ақорда
360

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті. Кездесу қорытындысы бойынша партияаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Олардың арасында «AMANAT» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы алмасу және ынтымақтастық туралы меморандум бар.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Иқұжат алмасты. Меморандум партияаралықбайланыстарды күшейтуге, мемлекеттердің достық және тату көршілік қатынастарын нығайтуға, сондай-ақ екі партия арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті кеңейтуге бағытталған. 

Құжат партиялық делегациялардың өзекті екіжақты мәселелер және халықаралық күн тәртібі бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуын жандандыруды көздейді. Сондай-ақ, аталған құжат «Қытай – Орталық Азия» бастамасы аясындағы саяси құрылымдар арасындағы диалогты тереңдетуге ықпал етеді.

Осы құжатқа қол қою арқылы екі тарап партия құрылысы ісінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға және әріптестік қатынастарды жетілдіруге, оның ішінде партиялар жанындағы әйелдер және жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ талдау және зерттеу жұмыстарын дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары