323
ҚНРДА бірнеше ломбард қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады
"Бұған пруденция нормативтері мен басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің бұзылуы себеп болды", – деп хабарлайды агенттік.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентті 4 қаржы ұйымының қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы агенттіктің ресми сайтында ақпарат жарияланды.
Ресми мәліметке сүйенсек, "Бренд Ломбард" ЖШС, "Ұлдан-ломбарды" ЖШС, "Ломбард "TIYN-S" ЖШС және "Ломбард "Әл-Фараби" ЖШС қызметі уақытша тоқтатылады.
Бұған пруденция нормативтері мен басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің бұзылуы себеп болды, деп хабарлайды агенттік.