«23 жылдан соң бұйырды»: Индира Расылхан халыққа ренішін білдірді
Индира Расылхан оқырманына жауап қайтарып, ренішін білдірген.
Танымал әнші Индира Расылхан дінге бет бұрып, әншіліктен қол үзген болатын.Алайда жақында үлкен сахнаға қайта оралды.
Өнер иесінің оқырманы әншінің жазбасына пікір қалдырған.
Оранғаның ұнамайды, қалғаны супер. Заң шығып, оранғандар орамалын шешіп, байырғы әдемі кейіпіңе келсең қуанамын, - деп жазған оқырман.
Индира Расылхан оқырманына жауап қайтарып, ренішін білдірген. Тіпті орамал тағу қанша жылдық арманы екенін айтты.
Мен орамал шешетін болсам, қуанатын адамдар бар екен. Астағфируллаһ!
Бұл орамалға келу мен үшін неше жылдық арман екенін білсеңіз ғой. 20 жасымнан алла намаз бұйырған болса, тек 23 жылдан соң орамал бұйырды. Мен қаншама жыл армандадым. Сіздей адамды қуанта алмайды екенмін олай. Алла осы орамалымды ақырғы деміме дейін шешпеуімді нәсіп етсін! - деп жазған ол.