Атырау облысында аттракцион істен шығып, оқыс жағдай болды

Зардап шеккен төрт бала амбулаториялық ем алған соң үйіне жіберілді. Ал бір бала ауруханада әлі ем қабылдап жатыр.

433

2 шілде күні Атыраудағы «Керемет» саябағында аттракцион кенет істен шығып, 5 бала зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ақ Жайыққа порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан саябақтағы аттракционның бірі істемей қалғанын көруге болады. Оның кенет істен шығуының салдарынан зардап шеккен балалар облыстық балалар ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт бала амбулаториялық ем алған соң үйіне жіберілді. Ал бір бала ауруханада әлі ем қабылдап жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 306 бабы, 2 бөліміне (Кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары