882
Париж Олимпиадасында Қазақстан туын ұстап шығатын екі спортшының есімі аталды
Олимпиада ойындарында боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова Қазақстан туын ұстап шығады.
Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын кім ұстап шығатыны белгілі болды.
26 шілдеде басталатын Олимпиада ойындарында боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова Қазақстан туын ұстап шығады.
Айта кетейік, Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл), түрлі халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Ол наурызда Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Асланбек Парижде 71 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.
Сафронова – Азия чемпионатының (2017 жыл) және Азиаданың (2014 жыл) жеңімпазы. Ол биылғы Олимпиадада 200 метрге жүгіруден сынға түседі.