365
Циндао қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы атанды
Циндао бай мәдени мұрасы бар тарихи қала және Қытайдың қазіргі заманғы ірі порты cаналады.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қытайдың Циндао қаласын ШЫҰ-ның 2024–2025 жылдардағы мәдени және туристік астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Циндао бай мәдени мұрасы бар тарихи қала және Қытайдың қазіргі заманғы ірі порты cаналады. Қытай тарапы Циндао қаласында ШЫҰ туристік ынтымақтастығының жаңа деңгейге шығуына көмектесетін жоғары кәсіби деңгейде бірқатар мәдени және туристік іс-шараларды ұйымдастыратынына сенімдіміз, - деп мәлімдеген болатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин.