"Балаларға зиян": Қырғыз Республикасында Ауғанстан сусынына тыйым салынып жатыр

Оның құрамында балаларға зиян бояғыштар бар екені анықталған.

"Балаларға зиян": Қырғыз Республикасында Ауғанстан сусынына тыйым салынып жатыр
сурет: Ош мэриясының баспасөз қызметі
842

Қырғыз Республикасында Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" газдалған анар шырынына тыйым салып жатыр, деп хабарладйы елдің 24.kg сайты.

Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығы бойынша, сусын талаптарға сәйкес келмейді.

Тыйым халықтың, әсіресе, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген, өйткені оның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.

Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы нұсқаулар берілген. 

Серіктес жаңалықтары