Шымкентте бойжеткен көпірден секірмек болды

Оқиға 3 шілде күні түскі уақытта болған.

Шымкентте бойжеткен көпірден секірмек болды
видеодан алынған скрин
481

Сағат 14.30 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері көпір қоршауының сыртында жас қыздың тұрғанын көрген, деп жазды turkystan.kz.

Қауіпті түсінген әскери жасақ рация арқылы көпірге жақын жерде қызмет атқарып жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Раулан Өтебаевқа шұғыл ақпарат береді. Ол дереу патрульші жауынгерлер Арыстанбек Анарбай мен Дулат Ауғанбаевты ертіп, аталған орынға жедел келеді.

— Көпірден секірмек болған қызды көргенде, бірден оған бет алдық. Осы уақытта ол көпір қоршауының сырт жағында тұрды. Жақындай бергенімізді көріп, көпірден секіремін деп қорқытты, – дейді Раулан.

Ұландықтар қызбен ұзағырақ сөйлесіп, оны асығыс әрекеттерден бас тартуға көндіруге тырысты. Осы уақытта жақын маңдағы адамдар да қызға тоқтау сөздерін айта бастаған. Оңтайлы сәт туғанда Раулан Өтебаев қызды шап беріп, қарсыласқанына қарамастан, қоршаудан тартып шығарған. Қауіпсіз жерге апарып, оны барынша тыныштандырды. Бойжеткенді оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары