394
5 шілдеге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 5 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз:
- БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе өңірінің батысында ыстық ауа райы сақталады;
- БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
«Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, ал солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі», — делінген хабарламада.