Таяу Шығыстан есірткі тасымалдаған Қазақстанның 2 азаматы ұсталды

Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды.

Таяу Шығыстан есірткі тасымалдаған Қазақстанның 2 азаматы ұсталды
ҰҚК
415

ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті.

ҰҚК мәліметінше, 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

 Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемесінде отырған шетелдік азамат есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

 Сотталушының жойылған есірткі арнасына қатысты бар екені Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарда.

Серіктес жаңалықтары