40 адамды алдап кеткен әйел Армениядан экстрадицияланды
Қазір күдікті Ақтау тергеу изоляторына қамауға алынды.
Бас прокуратура және ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Армениядағы елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған адамды елге экстрадициялады.
2019-2021 жылдар аралығында күдікті әйел Қостанай облысындағы "Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Нәтижесінде 40-қа жуық адам алданыпты, келтірілген залал 167 миллион теңгеден асады.
Қылмыстық топқа қатыстылардың бір бөлігінің бұған дейін соттылығы болған. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырыныпты. Десе де, ол сол елде ұсталды.
Қазір күдікті Ақтау тергеу изоляторына қамауға алынды.
Егер қылмысы дәлелденсе, 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылмақ.