Қазақстандық балуан 3 жылға жарыстардан шеттетілді

Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған «дростанолон» препараты табылды.

Қазақстандық балуан 3 жылға жарыстардан шеттетілді
gov.kz
623

Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді. Бұл туралы ақпарат Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайтына жарияланды.

Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған «дростанолон» препараты табылды. Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Айта кетсек, Талғат 2021 жылы Азия чемпионы атанған еді.

Серіктес жаңалықтары