534
Мөлдір Әуелбекова өзін балағаттаған желі қолданушысын сотқа берді
Әнші әлеуметтік желідегі жазбасына балағат сөз жазып кеткен желі қолданушысына шүйлікті.
Мөлдір Әуелбекова ар-намысына нұқсан келтірген оқырманына ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі жеке парақшасында су жаңа бейнебаянының үзіндісін жариялады.
“Көкбет, бәлеқор, долы осы біреу”, – деп жазды желі қолданушысы.
Әнші бейтаныс бейәдеп пікір жазған оқырманына жауап берді.
“Сіз кімсіз? Мен сізді танымаймын. Сотқа беретінім жайлы хабарлаймын. Осы сөздеріңіз үшін және жала жапқаныңыз үшін заң алдында жауапқа тартыласыз. Күтіңіз”, – деп жазды эстрада жұлдызы.