Ұшақта Қайрат Нұртаспен төбелескен жігіт қамауға алынды

Сот төбелеске қатысқан екінші адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Ұшақта Қайрат Нұртаспен төбелескен жігіт қамауға алынды
видеодан алынған скрин
509

Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Қайрат Нұртаспен төбелескен адамды қамауға алды, деп хабарлады turkystan.kz.

«2024 жылдың 4 маусымында Б. Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында танымал әнші Н.-мен жанжал шығарып, арты төбелеске айналған. Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. Б. өз әрекетімен қоғамдық сыйластыққа мән бермей, қоғамдық тәртіпті бұзған», - делінген хабарламада.

Сотта Б., өз кінәсін мойындамады.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары