Опера әншісі Сүндет Байғожин шетелдік консерваторияның магистрі атанды

Сүндет Байғожин қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде жариялады.

Опера әншісі Сүндет Байғожин шетелдік консерваторияның магистрі атанды
коллаж
653

Танымал қазақстандық баритон, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин Еуропадағы оқуын аяқтап, магистрлік дипломын алды, деп жазды turkystan.kz.

«Чезена-Римини Бруна мадерна консерваториясын жеке ән айту (сольное пение) мамандығы бойынша тәмамдап отырмын. Бұл кафедраға өз мамандығым бойынша білімімді жетілдіру үшін оқуға түскен едім. Мақсаттарым орындалып жатыр. Еуропалық деңгейдегі магистрлік диплом барлық жерде беделге ие.  Бұл жетістік менің болашақта ұстаздық етуіме де, түрлі конкурстарда қазылық жасауыма да ықпал ете алады. Сондай-ақ бұдан кейін  PhD дәрежесін иеленуге жол ашылды», - деді Сүндет Байғожин turkystan.kz тілшісіне берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары