Шымкентте ер адам жасөспірімді аяусыз ұрған

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте ер адам жасөспірімді аяусыз ұрған
Видеодан алынған кадр
617

Шымкентте ер адам жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған, деп жазады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.

Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрысып, ағашпен ұрып, кейін ішінен екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы кезде жасөспірім: "аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" - дейді.

"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видео жазбасында.

Шымкент Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары