646
Жібек Құламбаева Босниядағы жарыстың чемпионы болды
Ол барлығы 5 матч өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады
Қазақстандық теннисші, әлемнің 472-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Босния және Герцеговина) ITF W15 турнирінде жеңімпаз атанды, деп жазады turkystan.kz.
Қазақстандық спортшы финалда дүниежүзілік рейтингіде 700-орында тұрған швециялық Лиза Заармен кездесіп, камбэк жасады - 2:6, 6:4, 6:2.
Айта кетейік, ол барлығы 5 матч өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады.