Еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ертең ауа райы қандай болады?

Еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
istockphoto.com
1174

Синоптиктер 8 шілдеде еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астанада найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ.

Шымкент: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың батысында дауыл. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады. 

Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Серіктес жаңалықтары