476
ТЖМ таулы аймақта тұратындарға ескерту жасады
ТЖМ қазақстандықтарға таудағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертті.
Тауға барған сәтте мынаны естен шығармаған жөн:
- өз маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз;
- сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе жаңбырдан кейін;
- жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек;
- сел тасқыны өмірге қауіп төндіретін салмағы үлкен тастар лақтыру мүмкін екенін есте сақтау қажет;
- есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады;
- 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерін қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!