Шымкентте 4 жастағы бала терезеден құлап кетті

Оқиға 6 шілдеде Қ. Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.

Шымкентте 4 жастағы бала терезеден құлап кетті
istockphoto.com
369

Шымкентте 4 жасар бүлдіршін үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.

«Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа», - деп жазылған мәліметте.

Қалалық ТЖД өкілдері ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары