489
Қостанай облысында ресейлік ер адам жоғалып кетті
53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеде келген, содан бері одан хабар-ошар жоқ
Ресей азаматы бірнеше күн бұрын Қостанай облысында жоғалып кетті. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жазды.
53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеде келген, содан кейін із-түзсіз жоғалы кетті. Соңғы рет оны Чернышевский көшесіндегі «Азия» дүкенінен көрген. Ер адамның бойы – 160-165 см, шашы қысқа.
Жоғалған күні үстінде қасқыр суреті бар сұр түсті футболка, қара түсті трикотаж, қара шифер болған.