«Сынақтан сүрінбей өттік»: Мейрамбек Бесбаевтың жары жұбайына жазба арнады (ВИДЕО)

Бүгін әншінің шаңырақ көтергеніне 20 жыл толды.

«Сынақтан сүрінбей өттік»: Мейрамбек Бесбаевтың жары жұбайына жазба арнады (ВИДЕО)
756

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Махаббат Бесбаева күйеуіне арнап әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн. Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы. Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік. Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір! Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын. Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін. Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін, істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс. Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз әлі алда", - деп жазды Махаббат Бесбаева.

Серіктес жаңалықтары