705
«4 минутта өткен»: Тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған түлектің сөзіне пікір білдірді
Ведомство Ерасыл Уалиевтің екі рет - 12 және 30 маусым күні Алматыда тестілеуден өткенін айтты.
Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Ведомство Ерасыл Уалиевтің екі рет - 12 және 30 маусым күні Алматыда тестілеуден өткенін айтты.
«12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн», - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.
Еске салсақ, бұған дейін ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы желі жұлдызына айналғаны жайлы жазған болатынбыз.