«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

Ауа райының бұзылуына және дауылды ескертудің жариялануына байланысты жолда қауіпсіздікті сақтау жайлы еске салады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
istockphoto.com
423

Ауа райының бұзылуына және дауылды ескертудің жариялануына байланысты жолда қауіпсіздікті сақтау жайлы еске салады.

1. Жылдамдықты азайтыңыз: Жазғы дауыл кезінде қатты жаңбыр мен жел болуы мүмкін. Оның салдарынан жол көрінбей, ілінісу нашарлайды. Жылдамдықты азайтып және қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.  

2. Кенеттен маневр жасамаңыз: Дымқыл жолда көлікті кенет бұру және тежегішті басу оның сырғанауына әкелуі мүмкін. Көлікті еркін жүргізіңіз.

3. Жарықты жағып айдаңыз: Жол нашар көрінетін кезде жақын жарық пен тұманға қарсы жарықты қосып айдаңыз. Себебі басқа жол пайдаланушыларға сіздің көлігіңіз көрінуі керек.

4. Терезе тазалағышты тексеріңіз: Терезе тазалағыштың істеп тұрғанын тексеріп, терезе жуғыш сұйықтықты толтырып алыңыз. Жауын кезінде сізге жол жақсы көрінетін болады.

 5. Жолдағы сынықтарға дайын болыңыз: Қатты жел ағашты құлатып, оның сынықтары жолда шашылып жатуы мүмкін. Сондықтан мұқият болып, кедергілерден аулақ болыңыз.

6. Су басқан учаскелерді байқаңыз: Ешқашан терең су арқылы өтпеңіз. Судан шұңқырлар көрінбей, сіздің көлігіңізге зақым келуі мүмкін.

7. Ауа райыны бақылап жүріңіз: Ауа райыны жиі бақылап және жолдың жағдайы туралы хабарламаларды қарап отырыңыз. Өзекті ескертулер мен ұсыныстар бойынша хабардар болыңыз. 

8. Қауіпсіз жерде тоқтаңыз: Дауыл күшейетін болса, онда ағаштар мен электр желісінен қауіпсіз жерде тоқтап, ауа райының жақсарғанын күтіңіз.

Жолдағы сіздің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі сақтық шараны сақтап, мұқият болуыңызға байланысты.

Серіктес жаңалықтары