СҚО-да бір үйдің қаза тапқан 2 баласы тұшпарадан уланбаған

Сараптама нәтижесінде балалар нитрит тұздарына уланғаны көрсетілген.

СҚО-да бір үйдің қаза тапқан 2 баласы тұшпарадан уланбаған
istockphoto.com
1165

Солтүстік Қазақстан облысында тұшпарадан уланып көз жұмған бір отбасының балаларының сараптама қорытындысы шықты.

Облыстық олиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында отбасының улану себебі анықталды.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптама жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша балалар нитриттермен жедел уланған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген хабарламада.

Нитрит – азот қышқылының тұздары. Олар әдетте ет өнімдерін маринадтап, ыстау және консервант жасау кезінде қолданылады.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы кешкі асқа шұжық, пицца және тұшпара жеген балалардың өліміне уытты тамақ инфекциясы, инфекциялық-токсикалық шок, мидың ісінуі себеп болғанын атап өткен болатын.

 

Серіктес жаңалықтары