«Бір баланың иығы сынған»: Павлодарда балабақшада үш қабатты кереует құлап кеткен

Балабақша ұжымы зардап шеккен баланың ата-анасына бұл оқиға туралы тіс жармапты.

«Бір баланың иығы сынған»: Павлодарда балабақшада үш қабатты кереует құлап кеткен
www.istockphoto.com
486

Павлодардағы жекеменшік балабақшалардың бірінде бүлдіршіндердің үстіне үш қабатты кереует құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Информбюро-ға сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға салдарынан 2 жасар бала жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бейнебақылау камерасына іліккен жағдай ақпан айында болған екен. Бейнежазбада қараусыз қалған үш бала үлкен төсекке шығуға талпынады. Алайда тербеліп тұрған жиһаз кішкентай балақайлардың үстіне құлап кеткен. Соның салдарынан бір баланың иығы сынған. Ал, тәрбиеші болса ойыншық жинап, балаларды назардан тыс қалдырған. Ең сорақысы, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ұжымы зардап шеккен баланың ата-анасына бұл оқиға туралы тіс жармапты. Анасы ұлының жарақат алғанын кездейсоқ білгенін айтты. Кейін полицияға арыз түсірген.

Білім басқармасының өкілдері міндетін тиісінше атқармаған тәрбиешінің мәселесін сот шешетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары