Астаналық тұрғын бір бөлмелі үйге 937 адамды тіркеген

Пәтер иесінің заңсыз әрекеті сотта толық дәлелденіп, сот үкімімен 2 жылға сотталды.

Астаналық тұрғын бір бөлмелі үйге 937 адамды тіркеген
istockphoto.com
400

Елордада бір бөлмелі пәтерге мыңға жуық адамды тіркеген тұрғын сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана қалалық прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтаған болатын. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Пәтер иесінің заңсыз әрекеті сотта толық дәлелденіп, сот үкімімен пәтердің иесі ҚК-нің 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды. Ол бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 600 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген. Алайда, ведомство өкілдері сотталушыға тағайындалған жаза жөніндегі ақпаратты нақтыламады.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары