«Сенбеңіздер!»: Әнші Қайрат Нұртастың анасы ескерту жасады

Әлеуметтік желіде «Қайрат Нұртас ұшақ бортында соққыға жығылған досынан кешірім сұрады» деген ақпарат тараған. Алайда Гүлзира Айдарбекова оны жоққа шығарды.

«Сенбеңіздер!»: Әнші Қайрат Нұртастың анасы ескерту жасады
Гүлзира Айдарбекова және Қайрат Нұртас. Фото: instagram
664

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіде ұлына қатысты тараған қауесетке сенбеуін ескертті.

Айт кетейік, өнер иесі 5 шілде күні «Алматы-Астана» әуе рейсінде бейәдеп сөз айтып, төбелес шығарғаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын.

Анасының айтуынша, әлеуметтік желіде «Қайрат Нұртас ұшақ бортында соққыға жығылған досынан кешірім сұрады» деген ақпарат тараған. Алайда ол оны жоққа шығарды. Сонымен қатар өнер өкілі ұлының басына іс түскенде қолдаған көрерменге ризашылығын білдірді.

«Менің бір түсінгенім, кішкентайынан құласа да, тұрса да елдің көз алдында өсіп келе жатыр. Халыққа өз бауыры мен ұлдарындай болып кетеді екен. Жек көріп тұрса да, жүрегінің түбінде жақсы көріп тұратындарды байқадым. Көзден жас құлап барады, жүрегім жылап барады. Әттеген-ай, ештеңе айта алмаймын. Әлеуметтік желіде «Қайрат Нұртас досынан кешірім сұрады» деген өсек тарап жатыр екен. Сенбеңіздер! Осындай алаяқтарға еріп, қаншама адам өсек өрбітеді. Қайратты қолдаған халыққа шын жүрегімнен алғыс айтамын», – деді Гүлзира Үсенқызы.

Әншінің анасы ұлының досынан мұндай сорақылықты күтпегені де жасырмады. 

«Ойламаған жерден артынан келіп құлақ шекесінен бір ұрған. Сол кезде Қайрат атып тұрып бетіне ұрған кезде көзі көгерген. Ол жігіт бірден барып тексерілуден өтіп анықтама алып алған. Қайрат бір жағы ісіп кетсе де, қазақылыққа салынып өзіміз деп қоя салған. Түкте арамдық ойламаған ғой танысы болған соң. Артынан зыр жүгіріп аяқ киіміне дейін сүртіп кигізіп, Қайраттан напақасын тауып, ары-бері тасып жүретін еді. Үйге еркін кіріп, шәй-тамағымызды өз үйінде жүргендей бірге ішіп-жеген күндері де болды. Біледі ғой ел шулап кететінін. Әдейі жасап отыр. Масқарасын шығарамын, кешірім сұрап ақша ұсынады деп ойлады», – деп жазды продюсер. 

Серіктес жаңалықтары