«Әйел еркекке енді бағынбайды»: Қазақстандық психолог ерлер қауымына өзгеру керегін айтты

Танымал коуч Құралай Ошақбаева бұл жайында әлеуметтік желіде жазды.

«Әйел еркекке енді бағынбайды»: Қазақстандық психолог ерлер қауымына өзгеру керегін айтты
видеодан алынған скрин
1160

Белгілі психолог Құралай Ошақбаева ерлерді өзгеруге шақырды, деп жазды turkystan.kz.

«Әйел эмансипациясына, оның таңдау еркіндігі бар екеніне, еркектің айтқанымен енді жүрмейтініне үйренісе алмай жүрген ер азаматтар көп. Мен оларды түсінемін. Бұл жаңа реальность, жаңа ережелер және бұл процесс енді тоқтамайды. Әйел еркекке енді бағынбайды түсінесіздер ме? Бұл мүмкін емес, өйткені білімді еркін адам өз бостандығын біреудің қолына ұстатпайды. Әйелдің жетістігіне шын қуана алатын, жанашыр дос, мықты қорған, сырлас және мұңдас ер азаматқа ғана әйел өз еркімен мойынсұнады. Көкірегін қағып, “мен еркекпін” деп, әйелді төмендету арқылы өз “мықтылығын” көрсеткісі келетін еркектерден әйел енді кетуге қорықпайды. Өткенде бір келіншек: “6 баламды алып, абъюзерден кеттім, урааа!” - деп жазып жіберіпті. Әйел енді өзін қорлаған еркектен кеткенде той жасайды. Сондықтан енді ерлерге өзгеру керек. Әйел қорқып, таяқ жеп өмір сүргісі келмейді, ол енді тек қана өзін сыйлаған және бағалаған ер азаматқа мойынсұнғысы келеді», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Серіктес жаңалықтары