«Балқия құтырған»: Актриса Нұргүл Мыңғатова өзін сынағандарға жауап берді

Нұргүл Мыңғатова желі қолданушыларына ренішін білдірді.

«Балқия құтырған»: Актриса Нұргүл Мыңғатова өзін сынағандарға жауап берді
1328

«Келінжан» телехикаясындағы Балқия рөлімен танылған актриса Нұргүл Мыңғатова оқырмандарына назын білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін! Қалай бар, солай! Тойға барсам шын көңілмен билеп, көңіл көтеріп қайтамын. Әлеуметтік желіде бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін. Мысалы, мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой. Бұл тек менің жұмысым. Демек өмірде рөлге кіріп, ойнай алмаймын. Бір тойда Айсара абысынтайыммен билеп қалып едік, халқым небір нәрсе жазды ғой. «Балқия құтырған, байып алып секеңдеп жүр» депті. Жандарым-ау,менің мойнымда да несием бар. Бірақ бір сәт босаңсып, билеп, көңіл көтергім келеді. Сонда мен тойда актриса болып, ешкіммен араласпай отыруым керек пе? Табиғатым солай, арам ойым жоқ. Жан-жағымды ойламай демаламын. Бірақ, өкінішке қарай, соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар бар. Өмір – бумеранг. Мен сіздерге не жамандық жасап қойдым, а?», - деп жазды Нұргүл Мыңғатова.

Серіктес жаңалықтары