«Лас шаңға түспеңіз»: Гүлбану Әбенова Димаш Құдайбергенге ескерту айтты

Ол Димаш Құдайбергеннің Украинадағы әскери техника зауытына барған видеосын жариялап, жазба жариялады.

«Лас шаңға түспеңіз»: Гүлбану Әбенова Димаш Құдайбергенге ескерту айтты
коллаж: Тurkystan.kz
491

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әскери көлік өндіретін зауытқа барған әнші Димаш Құдайбергенді сынады.

«Оқырмандарым Димаш Құдайбергеннің Барысовтың зауытында жүрген видеосын жіберді. Украинада болған әскери техниканың зауыты Димашқа не үшін қажет екенін білмедім. Сол үшін Барысов оған үлкен көлемде ақша төлеген бе?! Айналайын, Димаш! Ұры, алаяқтармен байланысып, өзіңнің осы ақ костюміңдей атыңа кір келтірме. Сені Саясат Нұрбек ғылым мен «Болашақты» жарнамалау үшін пайдаланды. Болашақ бойынша сені пайдаланды. Мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп сен одан бас тарттың. Сенің аузыңнан шыққан сөздің бәрін халық қабылдайды. Өйткені саған сенеді. Бірақ саған айналаңда жүрген адамдарды жақсылап таңдау керек», – деп жазды журналист.

Оның айтуынша, зауыттың иесі мемлекетке қарыз кәсіпкерлердің бірі.

«Барысов мемлекеттен 4,7 млрд теңге алып, жұмыс техникасын жеткізбей, жауынгерлік модульдерді ауыстырғанын жасыруға тырысқан. Кейін ақаулы техниканы өткізу үшін мемлекеттік органдармен соттасып, ұтылып қалған. Сот одан мемлекетке тиесілі қаржыны қайтаруын талап еткен. Алайда журналистің айтуынша, бір жылдан астам уақыт өтсе де, ол халықтық ақшаны мемлекетке қайтармапты. Керісінше, ақшаны зауыттың PR жұмысына жұмсап жүргенге ұқсайды. Димаш, алаяқтар мен байсымақтар сіздің тырнағыңызға да татымайды. Ұры, алаяқтармен байланысып, таза атыңызды ластамаңыз. Бізді жаңа әндеріңізбен, керемет дауысыңызбен және шығармашылық концерттеріңізбен қуантыңыз. Сіз Жұлдызсыз! Лас шаңға түспеңіз», – деп ескертті желі қолданушысы.

Серіктес жаңалықтары