«Конверт қыстырған»: Арықтаймын деп көз жұмған мұғалімге қатысты тың ақпарат шықты

Ота жасаған дәрігер тура жаназа кезінде келіп, Құралайдың күйеуінің қолына хатқалта қыстырған.

«Конверт қыстырған»: Арықтаймын деп көз жұмған мұғалімге қатысты тың ақпарат шықты
instagram/gulmir_ktk
864

Журналист Гүлмира Әбіқай марқұм әйелге ота жасаған дәрігер жаназаға келіп, күйеуінің қолына конверт қыстырғанын мәлім етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

«Кеше ғана Алматыда арықтап, іш майын алдырамын деп ажал құшқан әйелдің туыстары келді. Марқұм Құралай ешқашан жүрегіне шағымданбаған, жүрегі ешқашан ауырмаған дейді. Ал, клиника өкілдері адам сияқты көңіл айтпақ түгіл, кешірім де сұрамапты. Ота жасаған дәрігер тура жаназа кезінде келіп, Құралайдың күйеуінің қолына хатқалта қыстырған.

Марқұм іш пен бөксе майын сылуға 2 миллион теңге төлеген, ал өзінің кредиті бастан асады екен. Жалпы, айтылмаған нәрсе көп…», - деп жазды ол.

Сондай-ақ марқұмның туыстары журналистке сұхбат беріп, жанайқайын жеткізді. Олар әпкесіне ота жасаған жеке клиника мен дәрігер олардың адам өлімінен кейін де жарнама жасағанына наразылығын білдірді.

«Ота сағат 10:00 шамасында аяқталып, сағат 11:30-да ол күйеуіне хабарласқан. Содан кейін әпкеміз мүлде байланысқа шықпады. Түскі 12:00-ден, түнгі 23:00 дейін хабарсыз болып, сағат түнгі 00:00-де әпкеміз туралы суық хабарды жеткізеді. Ол 9-10 сағат бойы қайда болды? Қиналған жоқ па?

Ең қызығы, әпкемнің іш майын алуға ота жасаған клиника адам өлімі болғаннан кейін тағы да жарнама салды. Ота жасаған кісі де жарнама салады. Жарнамаларында «келіңіздер, бізде сокңғы күн. Бұдан кейін бағасы қымбаттайды, ертерек жазылып алыңыздар» деп айтады. Тура әпкеме жасаған блефаропластика, липосакцияны айтты. Мына жақта біз қайғыдан қан жұтып отырсақ, олар жарнама жасап отыр. Адамда ұят деген болу керек қой», - деді марқұмның сіңлісі.

Серіктес жаңалықтары