«Түнімен ауруханада болдық»: Жәнібек Әлімханұлының қазіргі жағдайы белгілі болды

Боксшының менеджері Берік Сұлтан жанкүйерлерге жазба арнады.

«Түнімен ауруханада болдық»: Жәнібек Әлімханұлының қазіргі жағдайы белгілі болды
5211

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан боксшының денсаулығы жайлы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз! Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық. Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты! Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз! Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар!», ­ деп жазды Берік Сұлтан.

Серіктес жаңалықтары