Ақмола облысында байланыс компаниясы қызметкері 30 метр биіктіктен құлаған

Жазатайым оқиға Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған

Ақмола облысында байланыс компаниясы қызметкері 30 метр биіктіктен құлаған
Ақмола облыстық ТЖД
552

Ақмола облысында биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап, аяғын сындырып алған мобильді байланыс компаниясының қызметкері ауруханаға жатқызылды, деп жазады turkystan.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, жазатайым оқиға Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған. Жылу орталығының биіктігі 32 метр мұнарасының жоғары тұсында орналасқан ұялы байланыс антеннасын жөндеу кезінде мобильді байланыс компаниясының қызметкері абайсызда құлап кеткен.

«Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деді ведомстводан.

 

Серіктес жаңалықтары