Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза болды

Зардап шеккен көліктердің нақты саны белгісіз

Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза болды
istockphoto.com
489

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады turkystan.kz.

Қайғылы оқиға Батыс Еуропа – Батыс Қытай күрежолынның Жуалы ауданындағы бөлігінде орын алған.

Бірнеше көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам ауруханаға жатқызылды, қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында, деп жазылған ресми хабарламада.

Зардап шеккен көліктердің нақты саны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары