Астанада Қараөткел көпірі жөндеу жұмысына байланысты бір айға жабылады

Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады

Астанада Қараөткел көпірі жөндеу жұмысына байланысты бір айға жабылады
astana-akshamy.kz
443

Астанадағы Қараөткел көпірі бір айға жартылай жабылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қараөткел көпірінің Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады. 

Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады.

Серіктес жаңалықтары