«Өліп қалғандай кейіп танытқан»: Ішімдікке тойып алған ақтөбелік әріптесіне пышақ сұққан

Ол әріптесін қасақана өлтіргісі келмегенін, тек оны қорқытқысы келгенін айтқан.

«Өліп қалғандай кейіп танытқан»: Ішімдікке тойып алған ақтөбелік әріптесіне пышақ сұққан
www.istockphoto.com
2772

Ішімдікке тойып алған ақтөбелік бұрын әріптесі ренжіткенін есіне түсіріп, оның мойын тұсына екі рет пышақ сұғып алған, деп хабарлайды turkystan.kz "Диапазонға" сілтеме жасап.

Екі әріптес қаланың ортасында орналасқан цехта ішімдік ішкен. Сосын біреуі қарсы алдында отырған әріптесінің оны бұрын ренжіткені есіне түсіріп, оны шашынан ұстап, мойнынан екі рет пышақпен осып жіберген. Жарақат алған әріптесі жерге құлап түсіп, өліп қалғандай кейіп танытқан. Ал пышақ сұққан адам оны қайтыс болды деп ойлап, цехтан кетіп қалған.

Жарақат алған әріптесі 112-ге хабарласып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Ақырында 41 жастағы ақтөбелік адам өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әріптесін қасақана өлтіргісі келмегенін, тек оны қорқытқысы келгенін айтқан. Әрі ол ол оқиға орнынан қашып кетпегенін, дүкенге темекі алып келуге шыққанын айтып, ақталды.

Жәбірленуші айыпталушыны кешіргенін айтқан. Дегенмен сот оны кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Серіктес жаңалықтары