Олимпиадада бақ сынаған ең жас қазақстандық 10 спортшы кім?

26 шілдеде басталатын Париж Олимпиадасында бақ сынайтын ең жас спортшы – 17 жастағы таеквондошы Батырхан Төлеуғали.

Олимпиадада бақ сынаған ең жас қазақстандық 10 спортшы кім?
pixabay.com
921

Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтында жазғы Олимпиадада бақ сынаған ең жас қазақстандық 10 спортшы туралы дерек жариялады.

2 аптадан кейін басталатын Париж Олимпиадасында бақ сынайтын ең жас спортшы – 17 жастағы таеквондошы Батырхан Төлеуғали. Батырхан 25 шілдеде 18 жасқа толмақ. Бұдан бөлек, елімізден 18 жастағы 13 спортшы ел намысын қорғаған.

Жазғы Олимпиадаға қатысқан ең жас қазақстандық 10 спортшы:

  • 13 жастағы Екатерина Руденко – 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуден 45-орынға ие болды. ,
  • 14 жастағы Анастасия Прилепа – 2004 жылы Афина Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуді 38-орынмен аяқтады.
  • 15 жастағы Ольга Кожевникова – 1996 жылы Атланта Олимпиадасында спорттық гимнастикадан 5 түрлі сайыста өнер көрсетіп, көпсайыста ең жоғарғы 56-орынға тұрақтады.
  • 16 жастағы Мөлдір Әзімбай – 2012 жылы Лондон Олимпиадасында спорттық гимнастикадан 4 түрлі сайыста өнер көрсетіп, көпсайыста ең жоғарғы 58-орынмен бітірді.
  • 17 жастағы Юлия Рисик – 2004 жылы Афина Олимпиадасында 200 метрге еркін жүзуден жарысты 41-орынмен тәмамдады.
  • 17 жастағы Елена Скалинская – 2004 жылы Афина Олимпиадасында жүзуден 2 қашықтықта бақ сынап, 50 метрге еркін жүзуден ең жоғарғы 39-орынмен аяқтады.
  • 17 жастағы Михаил Емельянов – 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында каноэде ескек есуден 500 және 1000 метр қашықтықтағы сайысқа қатысты.
  • 17 жастағы Артур Дилман – 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 200 метрге еркін жүзуден жарысты 52-орынмен тәмамдады.
  • 17 жастағы Екатерина Руденко – 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуден 38-орынға ие болды.
  • 17 жастағы Сабина Әшірбаева – 2016 жылы Рио Олимпиадасында көркем гимнастикадан бақ сынады (12-орын).

Серіктес жаңалықтары