Оралда 5 жастағы бала төртінші қабаттан құлап кетті

Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр.

Оралда 5 жастағы бала төртінші қабаттан құлап кетті
istockphoto.com
370

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға 15 шілде күні «Астана» шағына ауданында болғанын хабарлады.

«Сағат 12:52-де 20-шы үйден биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары