913
Прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылады
Прокурор Айжан Аймағанова сүйінші жаңалығымен бөлісті.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісін қараған прокурор Айжан Аймағанованың шені өсіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп жазды turkystan.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұны Айжанның желідегі соңғы жазбасынан байқауға болады.
Онда ол "подполковник" шенін тағып бейнежазба жариялаған.
Желідегілер Айжан Аймағанованы құттықтап, тілектерін жазып жатыр.