Париж Олимпиадасын еліміздің 5 телеарнасы көрсетеді

Олимпиада ойындары Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», «Ел арна» және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілмек.

Париж Олимпиадасын еліміздің 5 телеарнасы көрсетеді
istockphoto.com
606

Парижде (Франция) өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарын биыл алғаш рет еліміздің бес бірдей телеарнасы көрсетеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Париж Олимпиадасы Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», «Ел арна» және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілмек.

«Осы аталған бес арна ойынның ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді. Ал ойын басталғаннан кейін әр арна жарысты спорт түріне қарай әртүрлі уақытта тікелей көрсете бастайды. Қай арна қай бәсекені көрсететінін өзара бөлісіп алған. Бірақ соның ішінде жарыстың басым бөлігін Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Себебі ол арнайы мамандандырылған спорт арнасы», - деді Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.  Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары