Қай қалаларда құрылыс материалдары арзан?

Жаз – демалыс маусымы ғана емес, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының маусымы.

Қай қалаларда құрылыс материалдары арзан?
сурет: istockphoto.com
459

Жаз демалыс маусымы ғана емес, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының маусымы. Ал құрылыс материалдарының бағасы "күйіп" тұр. Осы орайда Бірінші кредиттік бюро "қай қалаларда құрылыс материалдары ең арзан?" деген сұрақтың жауабын жариялаған екен.

Сонымен, ең арзан цемент Тараз қаласында екен (50 кг – 1 611 тг), ал ең қымбаты Петропавлда – (2 548 тг). Айырмашылық – 1,6 есе.

Құрылыс қоспалары ең тиімді бағада Атырауда (25 кг – 3 215 тг) сатылады. Ал Павлодарда, керісінше ең қымбат (5 009 тг). Айырмашылық тағы да – 1,6 есе.

Эмульсиялы бояуларды Көкшетаудан (1 кг – 738 тг) сатып алу тиімді. Ал Астанада бұл мүлде тиімді емес (1 342 тг). Айырмашылық – 1,8 есе.

Таразда кафель бағасы 1 м² үшін 3 762 тг болса, ең қымбаты – Ақтауда (6 898 тг). Айырмашылық – 1,8 есе.

Сонымен қатар, тұсқағаздарды Атыраудан (10 м – 14 630 тг) емес, Ақтөбеден (10 041 тг) сатып алу 40% үнемдеуге мүмкіндік береді екен.

Егер жөндеу жұмысын жүргізіп жатсаңыз және басқа қалаға барып, үнемдеуге мүмкіндігіңіз бар болса, бұл мәлімет пайдалы болуы мүмкін. Дерек ҚР СЖРА ҰСБ мәліметі негізінде жиналды, - деп жазылған бюро ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары