Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасында жүлдегер атанатын спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты

10 күннен соң төртжылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының шымылдығы түріледі.

Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасында жүлдегер атанатын спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты
olympic.kz
743

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында Париж Олимпиадасында жүлдеге ілігетін спортшыларға берілетін сыйақы мөлшерін атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Жүлде қоры өзгерген емес. Қолданыстаға заңға сәйкес, Олимпиада чемпионы атанған спортшы 250 000 доллар, күміс жүлде үшін 150 000, ал қола медаль үшін 75 000 доллар беріледі. Сонымен қатар, 4-6 аралығындағы орын алғандарға 30,10 және 5 мың доллар төленеді. Одан бөлек, чемпиондар мен жүлдегерлерді баптау ісіне атсалысқан алғаш, жеке жаттықтырушысы және бас бапкерге де қаржылай сыйақы қарастырылған. Айта кетерлігі, командалық сайыс бойынша чемпион мен жүлдегер атанғандар әр орын үшін 100 пайыз мөлшерінде қаржылай сыйақы алады. Олимпиадалық спорт түрлерінен рекорд орнатлыған жағдайда, спортшы тағы 5 000 доллар, ал бапкер 3 000 доллар алады», – дейді министр.

Министр сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар чемпиондар мен жүлдегерлерге коммуналдық тұрғын үй қорынан қайтарымсыз негізде пайдалануға тұрғын үй берілетінін де атап өтті.

Одан бөлек, мемлекет чемпиондарға немесе жүлдегерлерге, сондай-ақ еңбек өтілі кемі 20 жыл болған бапкерлер және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарына өмір бойы ай сайынғы материалдық қолдау көрсететінін айтып жеткізді. 

Серіктес жаңалықтары