Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытын қиратып жатыр

Оның мұндай әрекетке неге барғаны жайлы бизнесменнің әкесі айтып берді.

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытын қиратып жатыр
1432

Танымал кәсіпкердің әкесі Тұрым Алагөзов ұлының сыра зауытына иелік етуіне байланысты жазба жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Бизнесмен зауыттың күрделі ахуалға түскен ғимарат бөліктерін қайтадан қалпына келтірмек.

«Әлеуметтік желілерде, тіпті еліміздің жаңалықтарында менің ұлым әйгілі Шымкент сыра зауытын сатып алғаны туралы хабар желдей есті. Көп адам иесіне үлкен пайда түсетіні туралы көлгірсиді. ...Иә, бұл рас! Ұлым зауыттың иесі болды. Бірақ нақты қандай зауыттың иесі болды? Бір кездері одақтағы маңызы бар қуатты зауыт, аяусыз және ойланбастан пайдаланылған, тоналған. Оны толығымен қайта құру керек сияқты... Қымбатты достарым, менің ұлым зауытты қалпына келтіру және Шымкент тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын беру үшін қайтадан жұмысқа кірісті. Бірақ бұл көп миллион долларлық инвестицияны қажет етеді. Сонымен, құрметті шымкенттіктер, сіздерге көмектесуге келгендердің амандығы үшін дұға етіңіздер», - деп жазды Тұрым Алагөзов.

Серіктес жаңалықтары