«Ұрысуға ерінемін»: Гүлнұр Мамасарипова өзінің өзгере бастағанын айтты

Белгілі кино маманы кейінгі уақытта әлсіреп жүргенін жазды.

«Ұрысуға ерінемін»: Гүлнұр Мамасарипова өзінің өзгере бастағанын айтты
видеодан алынған скрин
582

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова ешкіммен бәсекеге түскісі келмейтінін айтты, деп жазды turkystan.kz.

“Былай қарасаң елге шамалы ақыл-кеңес беретін жастамыз ғой. Ол жағын да жастарға тапсырып қоя салдық. Шынымды айтсам, қазір жарыс-парысты қойдым, күшім жетпейді. Бір кездері додаға түскім кеп тұратын. Дәлелдеп тастағым кеп… Сол кездерді сағынам кейде. "Сіз туралы бүйтіп айтты, Мамасарипова сияқты болмай-ақ қояйын, "Келінжан" боп кетпесін деп прикол ұстайды" деген әңгімелерді естимін. Бірақ маған дым әсер етпейді екен. Жай ғана "Келінжан" боп кете алмайтындарын білем ғой. Қазір тіпті Айланың атасымен ұрысуға ерінемін. Ретрит жасап кетпей тұрғанда “колхозный” "Келінжанымды" түсіріп жүре берейін. Ауылдан адам кеткенмен… Айтпақшы, осы жолы мен тәуекелге барғалы тұрмын...”, – деп жазды кинопродюсер.

Серіктес жаңалықтары