520
Шымкентте жыл басынан бері 6 млрд теңге болатын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды
Заңсыз иемденілген активтер мемлекетке қайтарылды
Шымкентте жыл басынан бері экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңге болатын мүлік пен акциялар мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қалалық сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.
Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді», – делінген хабарламада.