Семейде сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Одан жәбірленуші тараптың пайдасына 12 млн теңгеден астам – материалдық залал мен моральдық зиянды өндірілді.

Семейде сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты
скриншот
413

Семейде сүйіктісі Диана Сүлейменованы көлікпен басып өлтірген 32 жастағы Александр Галушкин ісі бойынша сот шешімі шықты.

Оқиға былтыр 15 желтоқсанда болған. Кездесу кезінде Александр мен Диананың арасында кикілжің болған. Ішімдік ұрттаған азамат ашуға булығып, көлігінің капотында отырған сүйіктісін ұшырған күйі басып өткен. Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды.

Сот күдіктіні қылмыстық кодекстің «Өлімге алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойырша  кінәлі деп тапты. Ол 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Одан жәбірленуші тараптың пайдасына 12 млн теңгеден астам – материалдық залал мен моральдық зиянды өндірілді.

Сот ауырлататын және жеңілдететін жағдайлардың жоқтығын, ер адамның оң сипаттамасын, соттылықтың жоқтығын және кінәні ішінара мойындауды ескерді.

«Мен жасаған қылмыстан жалтармаймын, жазамды аламын. Бірақ мен алға тартқан дәлел-дәйектерді ескере отырып, үкім шығаруыңызды сұраймын», - деді айыпталушы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары