Қарағанды облысында 51 адам мінген автобус жол апатына түсті

Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза болды.

Қарағанды облысында 51 адам мінген автобус жол апатына түсті
Қарағанды облысының полиция департаменті
16240

17 шілде күні сағат 06.00 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Chery Tiggo жеңіл автокөлігі және Красноярск-Шымкент бағытына жолға шыққан VAN HOOL маркалы автобусы апатқа соқтығысты.

Салдарынан Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза болды. Сондай-ақ, жеңіл автокөліктің үш жолаушысы және автобустың жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментнің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 51 адам болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Жаз маусымында тек Алматы-Екатеринбург тас жолы арқылы күніне 33 мың автокөлік өтеді. Осыған орай, әр 25 шақырымға полиция жасағы қойылып, оның саны 22-ге дейін көбейтілді. Жол-көлік оқиғасына түскен екі көлікті де оқиғаға дейін патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тоқтатып, жол жүру ережесін сақтау бойынша ескерткен. Өкінішке қарай, жүргізушілер тәртіп сақшыларының ескертулеріне құлақ аспаған.

Серіктес жаңалықтары