«Құны 33 мың доллар»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің қымбат сыйлығын көрсетті (ВИДЕО)

Өнер иесі көрсеткен бас киімі «қолды болып кете ме» деп уайымдайтынын да жасырмады.

«Құны 33 мың доллар»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің қымбат сыйлығын көрсетті (ВИДЕО)
Мақпал Жүнісова. Фото: «Алғашқы» бағдарламасы
50650

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов сыйлаған 33 мың доллар тұратын бас киімін көрсетті.

«Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады», - деді Мақпал Жүнісова видеода бас киімін көрсетіп жатып.

Әнші бұл бас киімін тек Алматыда киеді екен. Салмағы ауыр болғандықтан басқа қалаға тасып жүру қиындық туғызады. Мақпал Жүнісова тіпті бұл бас киімі «қолды болып кете ме, біреу ұрлап кете ме» деп уайымдайтынын да жасырмады.

Серіктес жаңалықтары